DSC_8621
DSC_8616
DSC_8615
DSC_8603
DSC_4594
_DSC6077

Сарыағаш ауданы Оңтүстік Қазақстан облысы көлеміндегі ең ірі қазіргі заманға сай нарықтық инфрақұрылымның негізі қаланған өнеркәсіптік-аграрлық аумақтардың бірі болып саналады.

Халықтың саны 2017 жылы – 323,785мың адам. Халықтың тығыздығы 41,1 адам/шаршы км. 153 елді мекенді біріктіретін, 1 аудандық маңыздағы қала, 1 кент, 24 ауылдық округтен тұратын 26 әкімшілік бірліктері бар.

Аудан Өзбекстан Республикасының 5 ауданымен (Қыбырай, Ташкент, Зеңгі-ата, Жаңажол, Шыназ аудандары) шекараласады, оның ұзындығы 187 шақырымды құрайды. Шекара бойында мемлекет аралық 4 кеден бекеттері бар. Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара, Отырар, Арыс, Қазығұрт аудандарымен шекараласады.

Табиғатының потенциалдық қоры, жер асты қойнауынан шығып жатқан шипалы минералды суы, бентонит балшықтары сияқты қазбалары, түрлі жеміс-жидектері мен жүзім өнімдерін беріп жатқан жомарт жері, көп тармақты автомагистраль жолдары, еңбек ресурстарының молшылығымен ерекшеленеді.

Климаты континенталды, қысы жылы (-10 С төңірегінде), жазы ыстық (+40 С-қа жетеді). Өсімдіктердің өсіп-өну мерзімі 220-320 тәулік. Атмосфералық жауын-шашындардың орташа жылдық мөлшері 80-300 мм-ге дейін жетеді.

Аудан аумағынан сулы Келес және Құр Келес өзендері ағып өтеді.

Ауданның жалпы жер аумағы 767329 гектар. Барлық жер қорлары құрылымындағы ауыл шаруашылығы жерлерінің аумағы 717125 гектарды құрайды, олардың 98355 гектары егістік жерлер, 595931 гектары жайылымдықтар, 1550 гектары шабындықтар, 17779 гектары тыңайған жерлер, 3488 гектары көпжылдық егістіктер.

Қолдағы бар транзиттік басымдылық аудан территориясының Азия, Жақын және Орта Шығыс аймақтары мен Еуропа мемлекеттерін өзара байланыстыратын жолдардың (теміржол және автокөлік) қиылысында, экономикалық тиімді орналасуымен көрінеді. Туристтік әлеуметті дамыту үшін, демалыс-қорықты аймақтардың болуы мен осы аймақтардың рекреациялық ресурстарына, оқиғаларға бай тарихи-архитектуралық ескерткіштеріне негізделген, үлкен мүмкіндіктер бар. Аудан аумағында аты Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге де мәлiм «Сарыағаш шипажайы» МҚК, «Алтын-Бұлақ», «Арман» санаториясы, «Ана мен бала» шипажайы сияқты 26 демалыс аймағы да бар.

Ауданның өнеркәсіптік өндіріс құрылымы көп салалы сипатта. Аудан аумағында тұщы су мен минерал су қорлары бар, сондай-ақ аққұм және бентониттык балшық кендері оның басты байлығы болып табылатын өңірдің өсіп келе жатқан экспорттық мүмкіндіктерін де қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Дарбаза карьеріндегі» аққұм және бентониттык балшықтан шығаратын керамикалық бұйымдар мен керамзит шығару жұмысын қайтадан бастауға инвесторлар іздестірілуде.

Ауданның бiрден-бiр табиғи байлығы жер асты минералды емдiк-ас сулары 55 термальды су скважиналарының барлығы аудан мекемелерi мен тұрғындарына қызмет көрсетуде.

Ұлттар саны Бірлік 40

оның ішінде:

– қазақтар % 88,5

– өзбектер % 3,9

– тәжіктер % 2,7

– орыстар % 0,9

– басқалар % 5,2

Территориялық географиялық сипаттамасы:

Аудан 76 мың шаршы км-ге тең аумақты қамтиды. Аудан халқының саны 323,785 мың адамды құрайды, халықтың орташа тығыздығы 1 шаршы км-ге 41,1 адамнан келеді. Ауданның орталығы Сарыағаш қаласы, облыс орталығына дейінгі арақашықтығы -110 км.

Агроклиматтық жағынан құрғақ, ыстық далалық аймақ. Аумағы адыр-бұдырлы, төбе төмпешікті, сай салалы келеді. Сұрғылт, қышқыл топырақты. Оңтүстік шығыс бөлігін Келес өзенінің (241км) арнасы кесіп өтеді және онымен қабаттасып Құркелес өзені (98км) созыла жатыр. Мұнда жер қыртысы аздап сорланған ашық сұрғылт топырақты. Жазы ыстық және ұзақ, ылғал аз түседі, қысы қысқалау. Ылғалдың жылдық жиынтық түсімі 200-300 мм.

Минерал сулар Келес иін-мүйісіндегі алаңдарға бөлінген. Әлсіз минералданған азотты-сілтілі термалды сулар 400-500 метрден 2000 метрге дейінгі тереңдікте жатады, ыстықтығы 20-90 градусқа дейін жетеді. Келес иін-мүйіс орталығында содалы су кең тараған. Кварцты құмның керамзит шикізатының кен орындары бар.

EGOV

QAMQOR

АСТАНАҒА 20 ЖЫЛ

АУДАН ТУРАЛЫ

БАҚ

ЖОЛДАУ

ҚАУІПСІЗ АУДАН

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ТҚК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

СІЛТЕМЕЛЕР

СІЛТЕМЕЛЕР

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР