DSC_8621
DSC_8616
DSC_8615
DSC_8603
DSC_4594
_DSC6077

АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗІ

Сіздерді 1-мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймын.
Егемен еліміз бүгінде ырысты ынтымақ пен берекелі бірліктің мерейлі мекеніне айналды. Тәуелсіз Қазақстанның ұлтаралық келісім мен пайымды парасаттылыққа негізделген үйлесімді саясатын халықаралық қауымдастық жоғары бағалауда. Татулық пен бірліктің бастауындай болған осы бір айтулы мейрам бейбітшіліктің бейнесін орнықтыра түсетіндей әсер қалдырып келеді.
Түрлі ұлттар мен ұлыстар мекен ететін мемлек
етімізде өзге ұлт өкілдеріне қолдау көрсету мақсатында Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. 130 астам ұлттар мен ұлыстар, түрлі дін өкілдері мекен еткен Қазақстан үшін бұл ұйымның маңызы ерекше. Мұның өзі елдің ішкі бірлігін нығайтуға деген үлкен қадам. 
Осы бірлігіміздің арқасында әлемдік дағдарысқа мойымай, дамуға бет алдық. Тәуелсіздік жылдарында Сарыарқаның төрінен Астанадай әсем қала бой көтерді. 
Қазақстан халқының бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.
“Бірлік бар жерде – тірлік бар” дейді біздің халық. Дана халқымыз мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбіршілік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.
Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір аудан азаматының міндеті болып табылады.
Саяси тұрақтылыққа кепіл болған ұлттар татулығының арқасында еліміз толағай табыстарға жетті. «Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» деген сөз бар дана халқымызда. Ендеше еліміздің саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени тұрғыдан өркендеуіне тұғыр болған халқымыздың бірлігі нығая берсін!

Құрметті жерлестер!

Қазақстан халқының бірлігі мерекесі қазақстандықтардың ынтымағын жарастырып, ырысын арттырсын. Ел аман, жұрт тыныш болсын! Баршаңыздың отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз!

Аудан әкімі Қ.Абдуалиев

EGOV

QAMQOR

АСТАНАҒА 20 ЖЫЛ

АУДАН ТУРАЛЫ

БАҚ

ЖОЛДАУ

ҚАУІПСІЗ АУДАН

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ТҚК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

СІЛТЕМЕЛЕР

СІЛТЕМЕЛЕР

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР