DSC_8621
DSC_8616
DSC_8615
DSC_8603
DSC_4594
_DSC6077

Атқарылған жұмыстар

Сарыағаш ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне

қарасты мәдениет саласындағы

2017 жылы көлемінде атқарған жұмыстары туралы

М Ә Л І М Е Т

Аудан бойынша мәдени нысандардың жалпы саны: -101, оның ішінде 37 мәдениет үйлері (2-аудандық мәдениет үйі, 13 ауылдық мәдениет үйі, 22 ауылдық клуб), 59 кітапхана (1 аудандық орталық кітапхана, 1 аудандық балалар кітапханасы, кітапхана, 57 ауылдық кітапхана), 4 саябақ пен 1 тілдерді оқыту мен дамыту орталығы халыққа қызмет етуде.

Кадрлық құрам

Барлығы 445 штат бірлігі бар, жалпы – 454 қызметкер жұмыс атқарады, оның ішінде шығармашылық қызметкерлер саны – 264, техникалық қызметкерлер саны – 190.

Қаржы игеру

2017 жылы аудан бойынша мәдениет саласына бөлінген қаржы – 492014,0 мың теңге. Қаржы толығымен игерілді.

Оның ішінде:

  • Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне – 13943,0 мың теңге

  • Аудандық мәдениет үйі және ауылдық мәдениет мен клубтарға –295288,0 мың теңге

  • Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне – 166888,0 мың теңге

  • Аудандық тілдерді оқыту және дамыту орталығына –15895,0 мың теңге

Ақылы қызмет:

Қазақстан Республикасы 2011 жылғы 27 қазандағы №1211 қаулысын орындау мақсатында аудан көлемінде ақылы іс-шаралар өткізіліп, 2017 жылы 5702,5 мың теңге қаржы тапты. Тапқан қаржы (кеңсе заттары, шаруашылық заттар Олар: банер жасату, рейка, музыкалық аппаратураларды жөндету, өрт қауіпсіздігінің заттарын, сахналық киім т.б.) жаратылады.

Материалдық базаны нығайту:

Ауылдық мәдениет үйлері мен клубтардың материалдық базасын нығайту мақсатында аудандық бюджеттен 22,8 млн теңгеге (баян, аккардион, 167 дана домбыра, музыкалық дыбыс күшейткіш, Лед экран, түрлі түсті сахна жарықтары, кітап сатып алуға, т.б.) заттар алынды.

Іс-шараларға бөлінген қаржы:

Аудандық мәдени іс-шараларға (аудандық мәдениет үйлеріне, аудандық кітапханаларға) 2017 жылы 7284,0 мың теңге қаржы қаралды.

2017 – 2018 жылғы қысқы маусымы бойынша :

«Сарыағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесі бойынша 2017 – 2018 жылдарға газға 681,0 мың теңге бөлінді. Ал 70 тонна қатты отынға 593 749,8 теңге қаржы қаралып, Жеке кәсіпкер О.М.Жакипова 7777 теңгеден 544 390 теңгеге ұтып алды. Осы жылдың тамыз айында 22 ауылдық кітапханаларға түгел таратылды.

Аудан бойынша мәдениет үйлері мен клубтарға 1425 000 теңге қаржы қатты отынға қаралған. Бүгінгі таңда Жеке кәсіпкер Кескенбаев М.А. келісім жасалып, жалпы тоннасын 9700 теңгеден 146,9 тонна қатты отынмен тамыз айында 14 мәдениет ошақтары толық қатты отынмен қамтылды. Газға – 3147,0 мың теңге қаралған.

2017 жылы құрылысы жүргізіліп жатқан мәдениет нысандары

Нысан атауы

Жоспарлы қаржы

(мың теңге)

Аяқталу мерзімі

1.

Абай ауылында орналасқан «Жеңіс» саябағын қайта құрылымдау жұмыстары толық аяқталды.

29 477,0

2017 жыл тамыз айында тапсырылды.

2.

Сарыағаш қаласындағы «Орталық» саябағын қайта құрылымдау

110 615,0

2017 жыл желтоқсан айында тапсырылды.

3.

Қызылжар а/о, Қызылжар ауылдық мәдениет үйі

220659,0

2017 жыл желтоқсан айында тапсырылды.

ЖАЛПЫ

360751,0

ЖСҚ (ПСД) құжаттары дайын саябақтар.

Нысан атауы

Жоспарлы қаржы

(мың теңге)

1.

Сарыағаш қаласындағы Самал шағын ауданындағы саябақ құрылысы

125 023,0

2.

Абай ауылында орналасқан Б.Ермеков атындағы саябақты қайта құрылымдау

140 239,0

ЖАЛПЫ

265262,0

2017 жылы 5 мәдениет нысандарына ЖСҚ (ПСД) құжаттары дайындалуда

Нысан атауы

Мерзімі

Қаржы

(мың теңге)

1.

Біртілек а/о, Біртілек ауылдық мәдениет үйі

2017

6625,0

2.

Ұшқын а/о, Ұшқын ауылдық мәдениет үйі

2017

6580,0

3.

Жүзімдік а/о, Жүзімдік ауылдық мәдениет үйі

2017

6580,0

4.

Қабланбек а/о, Қанағат ауылдық клубы

2017

6612,0

5.

Жартытөбе а/о, Құрама ауылдық клубы

2017

6612,0

Жалпы

33009,0

2017 жылы 4 мәдениет нысандарына СЖТ (АПЗ) құжаттары дайындалып, ЖСҚ (ПСД) қаржы қарастыру үшін, ауданның құрылыс және экономика және қаржы бөлімдеріне тапсырылды.

Нысан атауы

Мерзімі

Қаржы

(мың теңге)

1.

Ошақты а/о, Жиделі ауылдық клубы

2017

3796,8

2.

Жылға а/о, Шеңгелді ауылдық клубы

2017

3796,8

3.

Жылға а/о, Шымырбай ауылдық клубы

2017

3420,4

4.

Алпамыс батыр а/о, Ақжол ауылдық мәдениет үйі

2017

3348,8

Күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ (ПСД) дайын мәдениет нысандары

Нысан атауы

Қаржы

(мың теңге)

1

Жемісті ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеу

52622,62

Ағымдағы жөндеу бойынша

Нысан атауы

Қаржы (мың теңге)

Қаржы көзі

1

Дарбаза ауылдық мәдениет үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

3830,66

АБ

2017 жылы жаңадан ашылған мәдениет нысандары бойынша

Нысанның атауы

Берілу мерзімі

Мәліметтер

1

Тегісшіл ауылдық клубы және кітапханасы

26.05.2017

Сарыағаш ауданы әкімінің 2017 жылғы

5 шілдедегі №252 қаулысы

Кітапхана саласы бойынша

2017 жылы «Сарыағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесі бойынша бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылды. Өткен жылмен салыстырғанда

Көрсеткіштер

2016 жыл

2017 жыл

1

Жалпы кітап қоры

624719

618397

2

Оқырмандар саны

46102

62000

3

Келушілер саны

520002

516360

4

Жаңа түскен әдебиеттер

5182

9580

Мемлекеттік тапсырыс бойынша

5182

9580

5

Кітап берілімі

711616

939193

Үйірмелер бойынша:

2017 жылы үйірме 145-ке қатысушылар саны – 1610 ке жетті.

Мәдени іс-шаралар:

2016 жылы 1440 іс – шара ұйымдастырылып оған 256800 көрермен тартылса, 2017 жылы 1475 мәдени іс – шаралар ұйымдастырылып оған 294500 көрермен тартылды.

21 сәуір күні Сарыағаш ауданы, Әлімтау ауылдық клубында облыстық «Нұрлы жол болашаққа бастар жол» атты өнер фестивалі болып өтті. Фестивальде Әлімтау ауылдық клубының өнерпаздары ауыл тұрғындарына өз өнерлерін ұсынды.

29 маусым күні Сарыағаш қаласы, Төле би алаңында Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының бастамасымен “Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан” пилоттық жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шаралардың корытындысы республикаға және облысқа танымал эстрада жұлдыздарының, белгілі цирк өнерпаздарының және аудандық мәдениет қызметкерлерінің қатысуымен мерекелік Гала концерті болып өтті. 

23 қыркүйек күні Шымкент қаласында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Сарыағаш ауданының күні өтті. Отырар кітапханасында жерлілікті ақын М.Бекейдің шығармашылық кешінен бастау алған іс-шара, Аймақтық Иновациялық Университетінде ауданның отбасылық «Сапаховтар, Байтөреевтер, Садвахасовтар» ансамблдерінің концерттік бағдарламасымен ұласты. Облыстық сатира және әзіл-сықақ театрында М.Байғұттың «Бозторғайдың ұясы» қойылымын «Келес» халықтық театры қала тұрғындарына ұсынды. Мерекелік іс-шара Наурыз алаңында «Туған жер – Алтын бесігім» өнер фестивалінің гала концертімен аяқталды.

12 қазан күні облыс көлеміндегі халықтық атағы бар театрлар мен көркемөнер ұжымдарының шығармашылық жұмысын одан әрі жақсартып, репертуарлары мен оқу-тәжірбиелік жұмысын нығайту мақсатында Cарыағаш аудандық мәдениет үйінде халықтық атағы бар театрлар мен көркемөнер ұжымдарының облыстық есептік фестивалі өтті. 
Фестивальде С.Балғабаевтың “Ең әдемі келіншек”, М.Байғұттың “Бозтоғайдың ұясы” атты спектакльдері саханаластырылып, “Саялы Сарыағаш” ұлт-аспаптар ансамблінің концерттік бағдарламасы ұсынылды.

18 қазан күні Сарыағаш аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Жақсы дәстүр-отбасының тірегі» атты кездесу кеші өтті. Сарыағаш ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Сүлейменов Мұстапа, Абай ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Томарбаев Тойлыбай, «Ешан ата» мешітінің бас имамы Садықов Айдарбек ағалар қазіргі қолданыстағы дәстүрлердің жақсы жақтарын алу керектігі туралы көптеген өздерінің кеңестерін берді.

20 қазан күні Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруда, ауылдық клубтар мен мәдениет үйлеріндегі әжелерден құралған топтардың шығармашылық белсенділігін арттыру, сирек орындалатын халық әндерін дәріптеу, насихаттау мақсатында Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Аудандық «Ақ әжелер» атты іс-шараны ұйымдастырды. Іс-шараға 33 әжелер тобы, 283 әже қатысты. Іс-шараны аудан әкімінің орынбасары Қыстаубаев Құдірет Ибадуллаұлы ашып, әжелерге сәттілік тіледі. Аталмыш іс-шараға қатысқан әжелер аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталып, ақ жаулық жабылды.

16 қараша Абай ауылы орталық кітапханасы және балалар әдебиеті бөлімі біргелесіп «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында ақын, ағартушы-демократ Сұлтанмахмут Торайғыровтың шығармалары бойынша «Жыр сұлтаны – Сұлтанмахмұт» атты еске алу поэзия кеші өткізді. Кешке арнап «Асқақ арманды ақын» атты кітап көрмесі жасалынды.Қатысқан оқырман саны – 50.

17 қараша күні Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Батаменен ел көгерер» атты аудандық батагөй қариялар арасында байқау өткізіліп,байқауға қатысқан қариялар аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталып,шапан жабылды.

25 желтоқсан күні Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы аясында, ҚР Тәуелсіздігінің 26 жылдығына арналған халықаралық ақындар айтысы болып өтті.

Жетістіктер:

2017 жылы аудан өнерпаздары Республикалық, облыстық байқаулардан жүлделі орындар иеленді.

Түркістанның мәдени астана атануы құрметіне арналған, Қазыбек бидің 350 жылдығына орай өткізілген халықаралық Наурыз ақындар айтысында жерлесіміз айтыскер ақын Жарқынбек Наушабеков қатысып, жүлделі 1-орынды иеленді.

Шымкент қаласында өткен облыстық «Үкілі ару» байқауына Сарыағаш ауданынан Орынкүл Алмас қатысып, бас жүлде иеленді.

Шымкент қаласында мемлекеттік қызметкерлер арасында өткен «Тіл шебері» облыстық байқауына Сарыағаш ауданынан Турсынкулов Дәурен қатысып, жүлделі І орынды иеленді.

Аудандық балалар кітапханасы Алтынсаринатындағы облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Жылдың ең үздік іс-шаралары» жобасына қатысып, «Бүгінгі жетістік – ертеңгі жеңістің баспалдағы» атты ток – шоу алып барды. Осы жоба бойынша біздің кітапханашылардың еңбектері «Ең үздік іс-шара» деп танылып, дипломмен және сыйлықтармен марапатталды.

2017 жылдың қорытындысымен жерлесіміз айтыскер ақын Жарқынбек Наушабеков облыстың «Жылдың үздік ақыны» номинациясымен марапатталды.

Шешімін таппай жатқан проблемалар:

  1. Абай ауылында орналасқан Б.Ермеков атындағы саябақтың қайта құрылымдау жұмыстарына қаржы бөлу қажет етеді.

  2. Аудандағы 9 ауылдық округ орталықтары мен халық саны көп орналасқан елді мекендерге мәдениет нысандарын салу үшін ЖСҚ (ПСД) құжаттары дайын, құрылысына қаржы қарастыру.

  3. Аудандағы 154 елді мекеннің халық саны 1000-нан астам 87 елді мекеніне мәдени ошақтары қажет етеді.

  4. Аудандық арнайы мұражай ғимаратын салу.

Проблемаларды шешуде атқарылып жатқан жұмыстар.

1. Құжаттар облыстық мәдениет басқармасына тапсырылған. Абай ауылында орналасқан Б.Ермеков атындағы саябақтың қайта құрылымдау жұмыстарына қаржы бөлу облыстық бюджеттен сұралуда.

2. Қазіргі таңда мәдениет үйлері мен кітапхана құрлысы үшін ЖСҚ дайын құжаттарға қаржы бөлу облыстық бюджеттен сұралуда.

3. Сарыағаш ауданында халық саны 1000-нан астам 87 елді мекен бар. Бүгінгі таңға 59 елді мекенде мәдениет ошақтары жұмыс атқарады. Яғни 87 елді мекеннің 67,8 % қамтылып отыр. Бүгінгі таңға 9 ЖСҚ құжаттары дайын. Аталған 9 елді мекенге мәдениет нысандары салынған жағдайда 61 елді мекен мәдениет ошақтарымен, яғни Халық саны 1000 астам 87 елді мекеннің 70,1 % қамтылады.

4. Аудандық арнайы мұражай ғимаратын салу үшін жер телімі анықталуда.

Алда орындалатын мақсаттар, міндеттер.

2018 жылы мәдениет нысандары жоқ 9 ауылдық мәдениет нысандарын салынып, Сонымен қоса Абай ауылында орналасқан Б.Ермеков атындағы саябақтың қайта құрылымдау жұмыстарына жүргізіледі.

2018 жылы аудандық бюджеттен 10000,0 мың теңге бөлінді. Ауылдық мәдениет үйлері мен клуб және кітапханаларға сахналық киімдер мен жаңа кітаптар алынады.

2018 жылы Жемісті ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізуге аудандық бюджеттен 34528,0 мың теңге бөлінді. Жеңімпаз мердігерді анықтап құрлыс жұмыстары жүргізіледі.

2018 жылы Ауылдық мәдениет үйлері мен клубтардың үйірмелерін жандандыру мақсатында, аймақтық үйірмелердің

концертін ұйымдастыру.

2018 жылы кітапхананың оқу залында қария оқырмандарға жағдай жасау, қажеттілігіне қарай отырып, кітап оқуға мүмкіндік жасау.

2018 жылы кітапхана жұмысының деңгейін көтеру, ол үшін түрлі жаңаша іс-шара түрлерін қолдану арқылы жастарды кітап оқуға баулу бағытында жұмыстар атқару.

Сарыағаш ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы                       Ә.Жаншуақов

EGOV

QAMQOR

АСТАНАҒА 20 ЖЫЛ

АУДАН ТУРАЛЫ

БАҚ

ЖОЛДАУ

ҚАУІПСІЗ АУДАН

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ТҚК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

СІЛТЕМЕЛЕР

СІЛТЕМЕЛЕР

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР