DSC_8621
DSC_8616
DSC_8615
DSC_8603
DSC_4594
_DSC6077

Атқарылған жұмыстар 2018 жыл, 3 ай

Сарыағаш ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне

қарасты мәдениет саласындағы

2018 жылы 3 ай көлемінде атқарған жұмыстары туралы

М Ә Л І М Е Т

Аудан бойынша мәдени нысандардың жалпы саны: -101, оның ішінде 37 мәдениет үйлері (2-аудандық мәдениет үйі, 13 ауылдық мәдениет үйі, 22 ауылдық клуб), 59 кітапхана (1 аудандық орталық кітапхана, 1 аудандық балалар кітапханасы, кітапхана, 57 ауылдық кітапхана), 4 саябақ пен 1 тілдерді оқыту мен дамыту орталығы халыққа қызмет етуде.

Кадрлық құрам

Барлығы 445 штат бірлігі бар, жалпы – 454 қызметкер жұмыс атқарады, оның ішінде шығармашылық қызметкерлер саны – 264, техникалық қызметкерлер саны – 190.

2018 жылы 3-айда аудан бойынша мәдениет саласына бөлінген қаржы – 125883,0 мың теңге. Қаржы толығымен игерілді.

Оның ішінде:

  • Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне – 3091,0 мың теңге

  • Аудандық мәдениет үйі және ауылдық мәдениет мен клубтарға – 76424,0 мың теңге

  • Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне –42217,0 мың теңге

  • Аудандық тілдерді оқыту және дамыту орталығына –4151,0 мың теңге

Ақылы қызмет:

Қазақстан Республикасы 2011 жылғы 27 қазандағы №1211 қаулысын орындау мақсатында аудан көлемінде ақылы іс-шаралар өткізіліп, 2018 жылы 3 айда 1914,6 мың теңге қаржы тапты. Тапқан қаржы (кеңсе заттары, шаруашылық заттар Олар: банер жасату, рейка, музыкалық аппаратураларды жөндету, өрт қауіпсіздігінің заттарын, сахналық киім т.б.) жаратылады.

ЖСҚ (ПСД) құжаттары дайын саябақтар.

Нысан атауы

Жоспарлы қаржы

(мың теңге)

1.

Сарыағаш қаласындағы Самал шағын ауданындағы саябақ құрылысы

125 023,0

2.

Абай ауылында орналасқан Б.Ермеков атындағы саябақты қайта құрылымдау

140 239,0

ЖАЛПЫ

265262,0

ЖСҚ (ПСД) құжаттары дайындалуда

Нысан атауы

Мерзімі

Қаржы

(мың теңге)

1.

Біртілек а/о, Біртілек ауылдық мәдениет үйі

2017

6625,0

2.

Ұшқын а/о, Ұшқын ауылдық мәдениет үйі

2017

6580,0

3.

Жүзімдік а/о, Жүзімдік ауылдық мәдениет үйі

2017

6580,0

4.

Қабланбек а/о, Қанағат ауылдық клубы

2017

6612,0

5.

Жартытөбе а/о, Құрама ауылдық клубы

2017

6612,0

Жалпы

33009,0

СЖТ (АПЗ) құжаттары дайындалып, ЖСҚ (ПСД) қаржы қарастыру үшін, ауданның құрылыс және экономика және қаржы бөлімдеріне тапсырылды.

Нысан атауы

Мерзімі

Қаржы

(мың теңге)

1.

Ошақты а/о, Жиделі ауылдық клубы

2017

3796,8

2.

Жылға а/о, Шеңгелді ауылдық клубы

2017

3796,8

3.

Жылға а/о, Шымырбай ауылдық клубы

2017

3420,4

4.

Алпамыс батыр а/о, Ақжол ауылдық мәдениет үйі

2017

3348,8

Күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ (ПСД)

дайын мәдениет нысандары

Нысан атауы

Қаржы

(мың теңге)

1

Жемісті ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеу

52622,62

Кітапхана саласы бойынша

2018 жылы 3 айда «Сарыағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесі бойынша бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылды. Өткен жылмен салыстырғанда

Көрсеткіштер

2017 жыл

2018 жыл 3 ай

1

Жалпы кітап қоры

618397

620644

2

Оқырмандар саны

62000

16500

3

Келушілер саны

516360

150605

4

Кітап берілімі

939193

262099

Тілдерді дамыту орталығы бойынша

Орталық 14 штаттық бірлікте жұмыс жасауда.

2018 жылы 3 айда 4 151,0 мың теңге қаржыға қаралған.

Топ атауы

Топ саны

Тыңдармандар саны

Оның ішінде өзге ұлт өкілдері

Қазақ тобы

11

143

56

Орыс тобы

11

132

Ағылшын тобы

13

170

3

Жалпы

34

445

59

Өзге ұлттарға мемлекеттік тілді насихаттауға арналған жыл басынан 9 іс-шара өткізілді.

Ономастика саласы бойынша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №395 қаулысы мен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысына сәйкес объектілерге атау беру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңға облыстық ономастика комиссиясының оң қорытындысын алған құжаттар: Олар:

  1. Абай ауылында орналасқан №2 аудандық мәдениет үйіне халық әртісі Әшірәлі Кенжеев (Облыстық ономастикалық комиссиядан өтіп, облыстық әкімдік пен мәслихаттың қарауына ұсынылу мараториға байланысты тоқтап тұр.)

Бүгінгі таңға аудан көлемінде өзгертуді қажет ететін 7 елді мекеннің 1-уі облыстық ономастик комиссиясынан өтті, ол Ақтөбе а/о Кызыләскер елді мекенінің атауын Кеңес Одағының Батыры Лесбек Жолдасовтың атына Лесбек батыр ауылы деп өзгерту. Ал Ошақты а/о Орждоникидзе ауылының атауын ҰОС ардагері С.Саттаровтың құжаттары қайта жинақталып ұсынылуда. Сонымен қоса көшелерге 42 ҰОС ардагерлерінің тізімі беріліп, құжаттары жинақталып облыстық мәслихат пен әкімдіктің бірлескен шешімі шығуға ұсынылып отыр.

Сонымен қоса 6 көшеге атау беру жөнінде құжаттар дайындалып облыстық ономастика комиссиясының қарауына ұсынылуда.

Үйірмелер бойынша:

2017 жылы үйірме 145-ке қатысушылар саны – 1610 ке жетті.

Жетістіктер:

Сарыағаш аудандық мәдениет үйінің жанынан құралған «Еркетай» және «Сая» би топтары республикалық «Жұлдыз болғын келсе» балалар ән-биі байқауында І орын және Астана қаласына жолдама алды.

Мәдени іс-шаралар:

2018 жылдың 3 айында 330 мәдени іс- шаралар ұйымдастырылып оған 80320 көрермен тартылды.

Кәсіби мерекелер, байқаулар, даталы күндерді атап өту т.б.

Жыл басынан бүгінгі күнге дейін 10 ауылдық мәдениет үйілері мен клуб жанынан құралған ұжым, үйірмелердің есептік концерттері өткізілді.

31.01.2018 жылы Аудандық мәдениет үйінде аудандық «Арай-2017» жас эстрада әншілер және мәдени іс-шара жүргізшілер байқауы өткізілді. Байқау жеңімпаздары Облыстық «Арай-2017» байқауына қатысып қайтты.

23.02.2018 жылы Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде Сарыағаш өңірінің тумасы, дүлділдеріміздің бірі Абылай Асқарұлы Бөріхановтың «Бабадан қалған жауһар жыр» атты шығармашылық кеші өтті. Бала кезінен жыршылық термешілік өнеріне құмар болған, Абылай Бөріхановтың кешінде өмірбаяны туралы бейнефильмен көрсетіліп, жүргізуші Жарқынбек Наушабеков көрермендерге жыршыны таныстырды. Шығармашылық кеште қонақ болған Жақып Сыпатаев,Кеңес Әшірбаевтар және шәкірттері Ахат Бөріханов,Нұртуған Абылайұлы, Өсербай Бөріхановтар өнер көрсетті. Ордабасы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жылқыбай Құрманәлі,Ұшқын а/о әкімі Сексенбаев Алмас Икрамұлы, Ұшқын ауылының ардагері Полатов Тасбол Сыздықұлы қонақ ретінде қатысты.

Аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Сарыағаш ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы                          Ә.Жаншуақов

EGOV

QAMQOR

АСТАНАҒА 20 ЖЫЛ

АУДАН ТУРАЛЫ

БАҚ

ЖОЛДАУ

ҚАУІПСІЗ АУДАН

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ТҚК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

СІЛТЕМЕЛЕР

СІЛТЕМЕЛЕР

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР