DSC_8621
DSC_8616
DSC_8615
DSC_8603
DSC_4594
_DSC6077

Атқарылған қызметтер

1. Эпизоотияға қарсы атқарылған жұмыстар туралы.

Аудан көлемiнде жыл басынан бері аса қауiптi жұқпалы аурулармен ауырған жануарлар тiркелген жоқ.

«Эпизоотияға қарсы шаралар жүргізу» Республикалық бағдарламасына сәйкес 284266,0 теңге бөлініп, ауыл шаруашылығы жануарларына вакцина егу, диагностикалық тексеру жұмыстарын жүргізу үшін вакциналары ағымдағы жылдың ақпан айының 27 күні ауданға тасымалданып, жоспарға сәйкес жұмыстар наурыз айынан басталып бүгінгі күнге 277393,0 теңгесі 97,5 %-ға игеріліп, қалған 6873,0 мың теңге ветеринариялық препараттардың келмеуіне байланысты іс-шаралар жоспарынан қысқартылып, жұмыстар аяқталды. Жыл басынан бері 154416 бас ірі қара малдар мен 726526 бас уақ малдар диагностикалық тексеруден өткізіліп, нәтижесінде 62 бас ірі қара мал, 158 бас уақ малдары сарып ауруына, 4 бас жылқы лептоспироз ауруына, 3 бас ірі қара және 8 бас уақ малдар хламидиоз ауруына оң нәтиже берген. Бүгінгі күнге ауруға шалдыққан 51 бас ірі қара мал, 154 бас уақ мал, 4 бас жылқылар, хламидиоз ауруына шалдыққан 3 бас ірі қара мен 8 бас уақ малдар Мақтарал ауданындағы «Жансаулық» СТК-ның шұжық цехында санитарлық сойылып, көздері жойылды. Қалған ауру малдары жалпы малдардан оқшауландырылып санитарлық сою үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде. ҚР АШМ-нің № 559 бұйрығына сәйкес жойылған ауру жануарлардың иелеріне базардағы орташа сатылу бағасының 30 % құнына дейін, қосымша бүгінгі күнге 3119,0 мың теңге өтемақы төленіп, қалған жойылған ауру жануарлардың иелеріне қаржысы есептелініп бюджеттен төлеу жұмыстары ұйымдастырылуда.

2. Энзоотияға қарсы атқарылған жұмыстар туралы.

Энзоотиялық аурулардын алдын алу бойынша залалсыздандыру жұмыстарының сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі қаулысымен жұмысшы тобы құрылған. 2017 жылдың күз мезгіліндегі кенеге қарсы атқарылатын жұмыстардың жоспарына сәйкес 120275 бас ірі қара, жылқы, түйеге – бүрку, 636930 бас уақ малдарды- тоғыту, 3250000 шаршы метр үй іргелік қора жайлары мен оған жапсарлас аумақтары және 1193600 шаршы метр буферлік аумақтарын (мал иірімдері, малдар жүретін жолдар, суаттар, бұталар айналасы) залалсыздандырудан өткізілді.

Қосымша буферлік аумақтарды (стадиондар, саябақтарды) кененге қарсы залалсыздандыру үшін аудандық бюджеттен қазан айында 1500,0 теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды.

Аталған жұмыстарды «Сарыағаш ауданының малдәрігерлік қызметі» МКК-ның ауылдық жерлердегі 201 ветеринария мамандары атқарады. Жұмысқа 1 дана ДУК, 4 дана ыңғайластырылған автокөлік, 1 дана ОШУ аппараты, 2 дана Камаз автокөлігі, 80 дана дәрі шашатын Ранцевый аппараттары, 24 дана құрал-саймандар мен дәрілерді таситын жеңіл автокөліктері жұмылдырылды. Сонымен бірге, мамандарға жұмысқа қажетті 60 дана арнайы киім, 104 дана етік, 200 данадан көзілдірік, респиратор, қолғап, 100 дана халаттар әперіліп қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, 03.08.2017 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасын жүргізу және ветеринариялық препараттарды, 2 дана ДУК-2 автокөлігі, 150 дана термоконтейнер, 28 дана тоңазытқыштар, 100 дана ранцевый аппарат алу үшін есебі жасалып, ауданның экономика және қаржы бөліміне ұсыныс берілді.

3. Қаңғыбас, иесіз ит-мысықтарды аулап жою бойынша атқарылған

жұмыстар туралы.

Қаңғыбас, иесіз ит мысықтарды аулап, жоюды 2017 жылдың қаңтар айының 30-нан бастап кесте түзіліп «Сарыағаш ауданының малдәрігерлік қызметі» МКК-ның арнайы автокөлікпен жабдықталған 2 топтан құрылған 6 аңшылары жүргізуде. Жұмыстар Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 29 маусым 2016 жылғы №3/32 «Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы» шешімі талаптарына сай жүргізілуде. Сарыағаш қаласындағы аудандық ветеринариялық зертханасы жанында қаңғыбас ит-мысықтарды уақытша оқшаулау орыны ашылып, ауланған ит-мысықтары бөлек клеткаларға орналастырылып, иесі анықталғанша 3 тәулік бойында ұсталып, кейіннен көздері жойылады.

Аулап жою жұмыстарына аудан әкімінің 05.02.2016 жылғы №49 «Комиссия құру туралы» қаулысымен құрылған комиссия құрамындағы ветеринария мамандары, аудандық ТҚҚБ-ның мамандары, ауылдық округтеріндегі Фап қызметкерлері, жергілікті жерлердегі малдәрігерлері, ауыл билерінің қатысуымен күнделікті фотосуреттер түсіріліп актілер түзілуде. Аудан бюджеті есебінен осы жұмыстарды атқаруға жыл басында 9100,0 мың теңге қаржы бөлінген болса, қазан айында қосымша 3500,0 теңге бөлінді. Бүгінгі күнге 4165 бас ит, 74 бас мысық, барлығы болып 4239 бас ит-мысықтар ауланып көздері жойылып, жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.

4. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша атқарылған жұмыстар туралы.

2017 жылғы бірдейлендіру іс-шараларының жоспарына сәйкес ауданда 50908 бас ірі қара мал, 301938 бас уақ мал, 7472 бас жылқы, 88 бас түйе, 15 бас шошқа төлдерін бірдейлендіру жоспарланған. Бүгінгі таңда 47955 бас ірі қара мал төлдері сырғаланып 94,2 %-ға, оның 52134 басы базаға енгізіліп 108,7 %-ға, 301938 бас уақ мал төлдері сырғаланып 99,7 %-ға, оның ішінде 362458 басы базаға енгізіліп 120,3 %-ға, 7472 бас жылқының 7472 басы бірдейленіп 100 %-ға, оның ішінде 9181 басы базаға енгізіліп 122,8 %-ға енгізіліп, дерекқорға енгізу жұмыстары күнделікті жүргізілуде.

5. «Мал ұрлығына тосқауыл» жобасына сәйкес мал ұрлығын болдырмау, алдын-алу мақсатында атқарылған жұмыстар мен ветеринариялық құжаттарды беру туралы.

Ауданда 2017 жылы мал ұрлығын алдын алу мақсатында жергілікті бюджеттен қора жайларды жалдап-ұстауға 1800,0 мың теңге қаржы қаралып, құжатсыз, ветеринариялық паспорты мен сырғасы жоқ, күдік туғызатын ауылшаруашылығы жануарларын уақытша оқшаулап ұстауға Сарыағаш өңірінен Шиналиев Марат Саиповичтің және Келес өңірінен Бекматова Халида Ташкенбаевнаның жалға алынған қора жайларына қамалуда.

Аудандық прокуратураның бастамасымен қала, кент, поселке, ауыл және ауылдық округтері әкімдері аппараттары, аудандық ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметі және «Сарыағаш ауданының малдәрігерлік қызметі» МКК мекемелерімен жауапты қызметкерлер бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Іс-шараларға сәйкес мал базарларға түнгі уақыттарда тасымалданып жатқан жануарларға учаскелік полиция инспекторлары мен малдәрігер мамандары тарапынан автокөліктерге тексеру жүргізіліп сырғасыз, ветеринариялық паспорттары жоқ, ветеринариялық анықтамалары жоқ, мал иелері қасында жоқ, жануарларды нақты кімге тиесілі, қай ауылдық округінің елді мекендерінен шыққаны, қай жерге кетіп бара жатқанын анықтау жұмыстары мал базар болатын күндері тұрақты түрде жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес аудан бойынша жыл басынан № 1 нысандағы ветеринариялық анықтамадан- 190 дана, № 2 нысандағы ветеринариялық анықтамадан- 9381 дана ветеринариялық анықтама, № 3 нысандағы ветеринариялық анықтамадан- 7 дана ветеринариялық анықтама берілді. Жыл басынан жеке және заңды тұлғалардан өтініштер келіп түсуіне байланысты жалпы саны 20 дана ветеринариялық-санитариялық қорытынды берілген.

6. Ветеринариялық нысандармен қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар туралы.

Аудан бойынша бүгінгі таңда 74 дана купка бар. Сарыағаш қаласы, Көктерек кенті, Жемісті мен Жарты-төбе ауылдық округтерінде уақ малдарының аздығына және уақ мал тоғытатын ванналар салуға жер телімі жоқтығына байланысты ванналар жоқ. Бұл әкімшіліктерде жылжымалы қолдан жасалған арнайы купкалар арқылы уақ малдар тоғытылып келеді. Уақ мал тоғытатын ванналар жоқ елді мекендердегі малдар сол ауылдық округте орналасқан жақын елді мекендердегі ванналарда тоғытылады.

2013 жылы 52 дана уақ мал тоғыту орны (купка) және 47 дана мал өлекселерін тастайтын шұңқырлар салуға жерлер бөлініп, мемлекеттік актілері алынған, соның ішінде 2014 жылы желтоқсан айында құрылыс бөлімі арқылы кенеге қарсы жұмыстарына 10 дана уақ мал тоғытатын орындарға ЖСҚ-ы дайындалып, сараптамадан өткізілгенімен, қаржы бөлінбеуіне байланысты құрылысы жүргізілмей келген.

2017 жылы бірінші кезекте қажет ететін Ақжар, Дербісек, Қапланбек, Дарбаза, Тегісшіл, Біртілек, Алпамыс батыр, Ақтөбе, Ұшқын, Жүзімдік ауылдық округтерінде 1 купкадан, Жылға, Ошақты ауылдық округтерде 2 купкадан жалпы саны 14 дана уақ малдарды шомылдыруға арналған купкалардың орны «Сарыағаш ауданының малдәрігерлік қызметі» МКК-ның қаржы есебінен құрылысы жүргізілуде, соның ішінде бүгінгі күнге 5 купка (Дербісек, Алпамыс батыр, Ақтөбе, Ұшқын, Жүзімдік) салынып бітіп, іске қосылды.

7.Үгіт насихат жұмыстары

Кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарының сапалы жүргізу мақсатында аудандық қоғамдық саяси «Сарыағаш» газетінің 15 наурыз 2017 жылғы санында хабарландыру жарияланды, халық көп жиналатын жерлерге (ауыл округтері, дүкен, мекеме, аялдама) 353 дана хабарландыру парақшалары ілініп, Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, Тұтынушылар құқығын қорғау басқармалары мамандарының қатысуымен 3 жиналыс және бөлім мамандарымен 5 жиналыс өткізілді. Сонымен қатар, аудандық Денсаулық сақтау, тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы, ауданның ветеринария бөлімімен бірлескен бұйрық шығарылып, лекторлық топтар құрылып, ауылдық округтерді аралап тұрғындармен кездесіп түсіндірме жиналыстары өткізілді. Ветеринария саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді халыққа мейілінше қолжетімділігін қамтамасыз ету, аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында аудандық қоғамдық саяси «Сарыағаш» газетіне 4 мақала жарияланды.

Аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында бөлім мен бөлімнің шаруашылық жүргізу құқығындағы» Сарыағаш ауданының малдәрігерлік қызметі» МКК-мен сыртта мал бағып отырған малшылар және бақташы малшылармен лажсыз сойылған малдарды малдәрігерлерге көрсетпей соймау туралы 5 жақты меморандумдар жасалды.

Сонымен қатар, малдәрігер мамандары тарапынан ветеринариялық іс-шараларды атқару барысында халық арасында аса қауіпті жұқпалы аруларды алдын-алу, болдырмау мақсатында жаппай үгіт-насихат жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

EGOV

QAMQOR

АСТАНАҒА 20 ЖЫЛ

АУДАН ТУРАЛЫ

БАҚ

ЖОЛДАУ

ҚАУІПСІЗ АУДАН

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ТҚК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

СІЛТЕМЕЛЕР

СІЛТЕМЕЛЕР

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР