DSC_8621
DSC_8616
DSC_8615
DSC_8603
DSC_4594
_DSC6077

«Ашық мемлекет» мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру (оның ішінде электронды түрде көрсетілетін қызметтер) мақсатында Абай ауылындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығында» 12.06.2018 жылы сағ: 16:00-де «Ашық мемлекет» мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі өткізілді. 
Аталған шараны Қошқарата, Ұшқын, Алпамыс батыр ауылы әкімінің аппараты мен Халыққа қызмет көрсету орталығы ұйымдастырды. Жәрмеңкеге мемлекеттік қызметтер бойынша көптеген сұранысқа ие тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, азаматтық хал актілерін тіркеу, жер қатынастары, ішкі істер бөлімі, мемлекеттік кірістер бойынша, жұмыспен қамту және басқа да бағыттарда мемлекеттік қызметтер көрсететін Сарыағаш ауданының жергілікті және аумақтық органдарының білікті мамандары қатысып түсіндіріп, egov.kz «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілетін қызметтер туралы кеңінен жеткізді. Жәрмеңкеге 160 адам келді, олардың 75-і тиісті кеңес алса, 24 адамға тікелей қызмет көрсетілді. Жәрмеңкенің басты мақсаты – халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәртібін және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін қызметтерді өз үйіңізде отырып қол жеткізу туралы кеңінен түсіндіру. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірлік дамудың және еліміздің барлық аумағында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, халықты заманауи технологиялар арқылы қызмет алуға сауаттандыру. Электронды цифрлы кілтті алғысы келетіндердің барлығына қызмет көрсетілді және алдағы уақытта тұрғындар көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді үйлерінен шықпай-ақ қол жеткізе алады әрі уақыттарын үнемдейді. Жәрмеңкеге келушілердің басым көпшілігі салық төлемдерін жүргізудің тәртібі мен шарты, жер телімдері, жұмыспен қамту туралы сұрақтар қойды. Көпшілік тарапынан электронды цифрлы қолтаңба, мекен-жайы және сотталмағандығы туралы анықтама алу, жеке және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, жылжымайтын мүлікті тіркеу құқықтары, электронды қызметтердің өзге де түрлері бойынша сауалдар көп түсті. 
Жәрмеңкеге ауыл тұрғындары қатысып оларға брошюралар таратылды. Мұндай мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі ауылдардың барлық аумағында жалғасатын болады.

EGOV

QAMQOR

АСТАНАҒА 20 ЖЫЛ

АУДАН ТУРАЛЫ

БАҚ

ЖОЛДАУ

ҚАУІПСІЗ АУДАН

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ТҚК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

СІЛТЕМЕЛЕР

СІЛТЕМЕЛЕР

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР