DSC_8621
DSC_8616
DSC_8615
DSC_8603
DSC_4594
_DSC6077

Қазақстандағы жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемақылар

Осы материалда Қазақстандағы әр түрлі жәрдемақылар және әлеуметтік төлемдер бойынша ең қажетті ақпарат жиналған. Осы жерден олардың мөлшерлері, алу орындары, қажетті құжаттар, сондай-ақ оларды алуға құқығы бар азаматтардың санаты туралы білуге болады.

Төлемдердің жәрдемақыдан ерекшелігі

Төлемдердің әлеуметтік жәрдемақыдан ерекшелігі жәрдемақыдан ерекшеліктері, жәрдемақының міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатын және қатыспайтын тұлғаларға бюджет қаражатынан төленетіндігінде, ал төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатын адамдарға ғана және әлеуметтік Мемлекеттік сақтандыру қорының қаржысынан жүзеге асырылады.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары кімдер болып табылады?
“Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыруға “Қазақстан Республикасындағы зейнеткерлік қамсыздандыру туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағымен көзделген жасқа жеткен адамдарды қоспағанда ҚР аумағында кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар және шетелдіктер, жұмысқа дербес қамтылған адамдар, қызметкерлер жатады.

Осылайша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы әлеуметтік тәуекел жағдайлары орын алғанда әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар және ол үшін әлеуметтік аударымдар төленетін жеке тұлға болып табылады.

EGOV

QAMQOR

АСТАНАҒА 20 ЖЫЛ

АУДАН ТУРАЛЫ

БАҚ

ЖОЛДАУ

ҚАУІПСІЗ АУДАН

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ТҚК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

СІЛТЕМЕЛЕР

СІЛТЕМЕЛЕР

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР