DSC_8621
DSC_8616
DSC_8615
DSC_8603
DSC_4594
_DSC6077

2017 жылы атқарылған қызметтер

Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2017 жылдың 12 айына атқарылған жұмыстары жөніндегі мәліметі

2017 жылы Сарыағаш ауданы “Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын” іске асыру мақсатында жалпы 7916 азаматты әлеуметтік қолдау шараларымен қамту жоспарланған.

2017 жылдың 12 айдың қорытындысы бойынша халықты жұмыспен қамтамасыз етудің кешенді жоспарына сәйкес аудан бойынша жоспар 7916 болып, нақты 12320 азамат бағдарлама шеңберінде әлеуметтік қолдау көрсетіліп, жоспар (156%-ға) орындалды.

Оның ішінде:

– өздігінше жұмыспен қамтылғандар бойынша жоспар 3058 азамат, нақты 4261 азамат (139%);

– жұмыссыз азаматты жұмыспен қамту бойынша жоспар 2491 азамат, нақты 4275 азамат (172%);

– жұмыс іздеп келушілер қатарынан 2367 жоспар, нақты 3590 азамат(152%);

– табысы аз азаматты жұмыспен қамту жоспар 6317, нақты 6330 азамат орындалды (100,0%).

Мүмкіндігі шектеулі азматтарды жұмысқа орналастыру бойынша жылдық жоспар 221 азамат. Бағдарлама аясында 12 айдың қорытындысы бойынша жоспар 221, нақты 225 мүмкіндігі шектеулі азаматтар жолданып (101,8%). 3 пайыздық квота бойынша жоспар 48, нақты 48 азамат жолданды.

Бағдарлама бағыттарының орындалу барысы төмендегіше:

Бірінші бағыт қысқа мерзімдік оқыту:

Сарыағаш ауданы бойынша жылдық жоспар 1639 болып, нақты 1639 азамат жолданып жоспар (100%-ға) орындалды. Сонымен қатар техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау (ТжКБ) бойынша 194 азамат жолданды. Қысқа мерзімдік оқыту курстарына жолданған 1639 азаматтардың, 1601-і оқуды аяқтап, 38 азамат оқудан шығарылған, 1040 азамат тұрақты жұмысқа орналасты. (65%)

Екінші бағыт жаппай кәсіпкерлікті дамыту:

Шағын несиелендіру бойынша жылдық жоспар 80 құрап, нақты 80 азамат шағын несиеленіп жоспар (100%) орындалды.

“Бастау бизнес” жобасы шеңберінде 210 азамат кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жоспарланып, нақты 210 азамат кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданды.

Үшінші бағыт:Жұмыспен қамту және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру “.

Тұрақты және уақытша жұмыс орындарына 12 айдың қорытындысы бойынша 4719 азаматты жолдау жоспарланып, нақты 8506 азамат жолданып (180%) пайызға орындалды. Оның ішінде: 6976 азамат бос жұмыс орындарына, ал 1530 азамат жаңа жұмыс орындарына орналасты.

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру.

2017 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға республикалық бюджеттен 73920,0 мың теңге қаржы бөлініп, 300 азаматты әлеуметтік жұмыс орнына жолдау жоспарланған. Бүгінгі таңға 447 азамат жолданып жоспар (149%-ға) орындалды. 73920,0 мың теңге жоспарға сәйкес толық игерілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына жолданған 447 азаматтардың ішінде 440 азамат тұрақты жұмысқа орналасты. (98.4%)

Жастар практикасын ұйымдастыру.

Бағдарлама аясында жастар практикасына жоғары оқу орындары, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектеріне жастар практикасынан өту үшін республикалық бюджеттен 119123,0 мың теңге бөлінген. Жастар практикасы бойынша 12 айдың қорытындысы бойынша 350 азаматты жолдау жоспарланып, нақты 388 азамат жастар практикасына жолданып (111 %), бөлінген 119123,0 мың. теңге қаржы жоспарға сәйкес игерілді. Жастар практикасына жолданған 388 азаматтардың 388-і аяқтап, 338 азамат тұрақты жұмысқа орналасты. (87.0%).

Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша жылдық жоспар 700 азаматты құрайды. 12 айдың қорытындысы бойынша нақты 733 азамат жолданып жоспар (105%-ға) орындалды. Жергілікті бюджет есебінен бөлінген 70963,0 мың. тенге жоспарға сәйкес толық игерілді.

Сарыағаш ауданы бойынша “Өрлеу” жобасына 2017 жылға Республика бюджеттен 1 149 409,0 мың теңге және жергілікті бюджет есебінен 1 050 000,0 мың теңге бөлінген. Жоспарға сәйкес қаржы 100 пайыз толық игерілді. Қазіргі таңға 4113 отбасының 23855 адамына әлеуметтік қолдау көрсетілді.

Өрлеу жобасына қатысушы отбасылардың ішінде жұмысқа жарамды отбасы мүшелерінен 4263 азамат «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде төмендегі әлеуметтік қолдаулар көрсетілді. Атап айтқанда: 4089 азамат тұрақты жұмыс орындарымен, жастар практикасына 1 азамат, қайта даярлауға 57 азамат, әлеуметтік жұмыс орындарына 116 азамат орталық тарапынан жолданды.

Жәрдемақыларды тағайындау және төлеу секторы бойынша

Кедейшілік шегінен төмен тұратын аз қамтамсыз етілген азаматтар 01.08.2016 жылға 334 адам болса, ал 01.01.2018 жылға 292 адамды құрап 12,5 пайызға төмендеген.

Жыл басынан бері 100 отбасының 364 мүшелеріне 18709,8 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді.

18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақысы бойынша жыл басынан бері 15339 отбасының 57776 балаларына 1238732,0 мың теңге тағайындалып төленді.

Ардагерлер және мүгедектермен жұмыс секторы бойынша

2017 жылдың 12 айына Сарыағаш ауданы бойынша жалпы 10383 мүгедектердің саны тіркеліп, соның ішінде 1-топтағы -698, 2-топ мүгедегі – 4056, 3-топ мүгедегі – 3855азамат, 16 жасқа дейін -1774 мүгедек балалар бары анықталған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңі (2016 – 2018 жылдар) бекіту туралы» №213 қаулысын іске асыру бойынша облыс әкімдігінің 2016 жылғы 14 маусымдағы №174 қаулысымен бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, Сарыағаш ауданында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кедергісіз ортаға бейімдеу және өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында жұмыстар атқарылып келеді.

Ауданымыз бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді орта құру үшін бейімдеуге жататын 293 нысан бекітілген. 2014 жылы 32 нысанға пандус орнатылған болса, 2015 жылы 46 нысанды бейімдеуден өткізу жоспарланып, 105 нысан демеушілер есебінен және мекеме иелерінің өз қаражаттары есебінен бейімдеуден өтіп, 2015 жылғы жоспар 228%-ға орындалды.

2016 жылы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді орта құру мақсатында 103 объектіні бейімдеуден өткізу жоспарланып, толығымен демеушілер және жеке меншік нысандардың өз иелерінің қаражаттары есебінен бейімдеуден өткен болатын.

Объектілерін бейімдеуден бас тартып отырған жеке меншік объектілері жөнінде тиісті ақпарат облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ұсынылып, қазіргі таңда, 2 нысан иелерінен облыстық Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті тарапынан айыппұл өндірілді.

2017 жылы жалпы 27 нысан бейімдеуден өту керек болса, 27 нысан бейімдеуден толық өтті.

Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес жаңадан салынып біткен нысандардың жобалық сметалық құжаттары бойынша мүгедектерге жаңадан салынған ғимараттарға кедергісіз кіріп шығуына жағдай жасау мақсатында барлық объектілерде пандус орнатылуда. 2016 жылы жалпы аудан бойынша 10 нысан, соның ішінде 3 мектеп, 6 мәдениет үйі және 1 аудандық кітапхана салынып, барлығында пандустар орнатылып, қабылдау актілермен расталған. 2017 жылдың 8 айында 4 жаңа мектеп құрылып, барлығына пандустар орнатылды.

Мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнату, жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғылармен жарақтау, сонымен қатар мүгедектерге бейімделген көлік инфрақұрылымын құру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру ауданның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жүктелген.

2016 жылы мүгедектерге арналған бағдаршамдарға арнайы дыбыс шығаратын қондырғылар орнату үшін 2 млн. теңгеге сметалық құжаттары дайындалып, 7 бағдаршамға орнатылды.

2017 жылы Сарыағаш қаласындағы 2 бағдаршамға мүгедектерге арналған белгілер (көзі көрмейтіндерге арналған) орнатылды.

2016 жылы қосымша 4 бағдаршамға мүгедектерге арналған белгілер (көзі көрмейтіндерге арналған) орнатылып, 8 тұрақ ашылды.

2016 жылы сауықтыру орындарына сауықтыру орындарына жеке оңалту бағдарламасына сәйкес облыстық бюджет есебінен «Денсаулық» шипажайына–78 мүгедекке, «Күлпаршын» шипажайына –38 мүгедек, «Ақсу Жабағлы» шипажайына – 23 мүгедек, «Баян жүрек» шипажайына – 45 мүгедек, «Салма караван» шипажайына – 77 мүгедек, «Біркөлік» шипажайына – 53 мүгедек, «Жаңа қорған» шипажайына – 43 мүгедек, ал аудандық бюджет есебінен «Береке-7» шипажайына – 70 мүгедек жолданып, жалпы 427 мүгедек денсаулықтарын түзетіп қайтты.

2017 жылы сауықтыру орындарына өтініш берген мүгедектердің саны көбейуіне байланысты облыстық бюджеттен жолдама саны көбейіп, жыл бойына 632 жолдама бөлініп, бүгінгі таңға «Денсаулық» шипажайына–95 мүгедекке, «Күлпаршын» шипажайына – 22 мүгедек, «Ақсу Жабағлы» шипажайына – 95 мүгедек, «Салма караван» шипажайына – 100 мүгедек, «Біркөлік» шипажайына – 55 мүгедек, «Жаңа қорған» шипажайына – 75 мүгедек, «Сарыағаш» емдеу-оңалту кешеңіне – 190 азамат денсаулықтарын түзетіп қайтты.

Мүгедектерді оңалту орталығына жолдама алу үшін І-ІІ-ІІІ-топтағы 105 мүгедектің өтініші тіркеліп, 2017 жылы жалпы І-ІІ топтағы 57 мүгедек ОҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№8 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне оңалту үшін жолданды. 2017 жылдың 12-айында 97 мүгедек азаматтардан өтініштер қабылданып, 52 мүгедек азаматтарға жолдамамен қамтылды.

Медициналық әлеуметтік сараптама бөлімдерінің мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1200 азамат гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді. 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1150 мұқтаж мүгедекке гигиеналық құралдар берілді. Қазіргі таңда, жаңадан еңгізілген міндетті гигиеналық құралдармен сурдотифло құралдарын қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджет есебінен қаралған қаржыға мемлекеттік сатып алу жұмыстары өткізіліп, жыл соңына дейін мұқтаж мүгедектерге жеке оңалту бағдарламасына сәйкес қосымша гигиеналық құралдар таратылып берілетін болады.

Сурдо-тифло құралдарын алуға – 2016 жылы – 74 мүгедекке, 2017 жылы 85 мүгедек азаматтар оңалту құралдарымен қамтылды.

Құлағы естімейтін саңырау мүгедектерге есту аппараттарын алуға 2016 жылы – 33, ал 2017 жылы 63 мүгедек азамат жолдамамен қамтылды.

2016 жыл бойы протез-ортопедиялық құралдарын алуға 262 адам өтініш білдіріп, оның ішінде 219 азаматына жолдама берілді. 2017 жылы 406 азаматқа жолдама берілді.

2016 жылы Сарыағаш ауданы бойынша қоларба алуға мүгедектер тарапынан барлығы 130 өтініш тіркелген. Соның ішінде:

  • 62 ересектерге арналған қоларбалар берілді;

  • 13 жасөспірімдерге арналған қоларбалар берілді;

  • 15 балаларға арналған қоларбалар берілді.

2017 жылы Сарыағаш ауданы бойынша қоларба алуға мүгедектер тарапынан барлығы 165 өтініш тіркелген. Соның ішінде:

  • 119 ересектерге арналған қоларбалар берілді;

  • 29 жасөспірімдерге арналған қоларбалар берілді;

  • 28 балаларға арналған қоларбалар берілді.

Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын 388 мүгедек балалардың әрбіріне 2017 жылдың оқу жылына 2 айлық есептік көрсеткіштен жәрдемақы төленді. Бұл мақсатта жергілікті бюджет қаражаты есебінен өткен жылы 15085,0 мың теңге қаржы игерілді. Үстіміздегі жылдың 5 оқу айына 350 мүгедек баланың ата-анасына 9898,7 мың тенге қаржы төленді.

2017 жылы жеке көмекшінің қызмет ұсынуға 181 І-топтағы жүріп-тұруы қиын мүгедектердің, ымдау тілі маманының қызметін ұсынуға 71 сөйлей алмайтын саңырау мүгедектердің өтініш тіркеліп, «Үміт» акционерлік қоғамы арқылы жеке көмекші мен ымдау тілі мамандарының қызметтері ұсынылды. 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап аталған қоғамы мемлекеттік сатып алу жұмыстары бойынша жеңімпаз аттанып, жеке көмекші және ымдау тілін қызметін алуға 2017 жылы 252 мүгедек азаматтың өтініштері қабылданып, барлығы толық қызметпен қамтылуда.

Азаматтардың хал актілерін тіркеу секторы бойынша

Сарыағаш ауданы көлемінде азаматтық хал актілерін тіркеу жұмыстарын жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің АХАТ секторы атқаруда.

АХАТ секторы 2017 жылы 12 айында азаматтық хал актілерін тіркеді. Оның ішінде:

туу туралы – 8589

Неке қию туралы – 2399

Әке болуды анықтау туралы – 1048

Қайтыс болу туралы – 1552

Неке бұзу туралы –432

Бала, қыз асырап алу туралы – 38

Тегін , атын, әкесінің атын өзгерту туралы – 52

тууды қалпына келтіру – 102

бекітілген өзгертулер, түзетулер толықтырулар туралы істері – 218

ТМД Республикасының азаматтарымен 286 неке қию тіркелінді.

Ағымдағы жылы АХАТ секторы мұрағаты бойынша жалпы:

2300 қайталап жазылған куәліктер,

332 өзгерту, түзету хабарламалары негізінде акт жазбаларына түзетулер енгізілді,

6248 мемлекеттік мекемелерінен, 2260 заң органдарынан келіп түскен сұраныс хаттар орындалды,

854 анықтамалар,

ұлттық тарихи дәстүрге байланысты 52 іс қаралып,

1316 азаматтық хал актілеріндегі жазбалардың көшірмелері беріліп,

басқа қалалық, аудандық АХАТ бөлімдеріне 1576 қайталап жазылған куәліктер жолданған.

Аудан бойынша 2017 жылы 12 айында туу 8589, оның ішінде тіркеу мерзімі бұзылып тіркелгені 93.

«Электронды үкімет» порталында неке қиюды тіркеу үшін электронды өтініш- 719, Тегін, атын әкесінің атын өзгертуді тіркеу үшін электронды өтініш – 1, тууды тіркеу үшін электронды өтініш – 1288 және қайталап жазылған куәлігін алу туралы – 73 электронды өтініш түскен.

18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі бойынша

2017 жыл басында 1,5-18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға үйде арнаулы әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде 344 мүгедек бала тіркелген. Арнаулы әлеуметтік қызметті 4 бөлімше меңгерушісі,4 әлеуметтік қызмет бойынша кеңесші, 62 әлеуметтік қызметкер жұмыс атқарады.

Мүгедек балалар қайтыс болуына байланысты, басқа мекен-жайға ауысуына, жеке оңалту бағдарламасын ала алмауына байланысты бөлім басшысының бұйрығымен есептен шығарылып, психоневралогиялық ауытқулары бар, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балалардың ата-анасының өтінішіне сәйкес аудан әкімдігінің қаулысы негізінде жаңа балдар есепке алынып, бүгінгі күнге қызмет алушы балалар саны 346 бала.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 Бұйрығымен бекітілген «Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету стандарты» бойынша, қызмет алушы мүгедек балаларға МӘСК бөлімдерінің жеке оңалту бағдарламасының қорытындысы мен ПМПК мекемесінің қорытындысы негізінде әлеуметтік-педагогикалық,әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-психологиялық,әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-тұрмыстық қызмет түрлері көрсетіледі.

Ақпан айында «Демеу»қоғамдық бірлестігіне 34 балаға жергілікті атқарушы органның қаулысы шығарылды.

8-Наурыз,22-Наурыз меркесіне әр ауыл әкімшіліктер мен демеушілер тарапынан балаларға сый- сыйяпаттар жасалды.

Наурыз айында «Бақытты бала» қоғамдық қорынан 25 балаға іс шара ұйымдастырылып, әр балаға 18 мын тенгелік азық түлік таратылды.

Жалпы соммасы 450 000 мың теңгелік жәрдем көрсетілді.

Бөлімше бойынша сәуір айының 4-8 күндер аралығында ПМПК комиссиясынан 361 балаға үйде оқуға, әлеуметтік күтімге қорытынды алынды.

Мамыр айында үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіліп жатқан 26 балаға жергілікті атқарушы органның қаулысы шығарылып күндізгі қатынау бөліміне ауыстырылды.

1-ші Маусым балаларды қорғау мерекесіне орай Дербісек ауылдық округіне қарасты мүмкіндігі шектеулі 10 балаға Қазығұрт кеден бекетінің бастығы Оспанов Нұрлан мырза әр балаға 3000 теңгелік сыйлықтай жәрдем көрсетті.

Құркелес ауылдық округі әкімшілігі ұйымдастыруымен 53 мүгедек балаға Жібек жолы ойын сауық атракционында үлкен мерекелік іс-шара өткізілді.Іс-шарада еңкес ауылының биі жеке кәсіпкер Тұрлыбеков Талғат жалпы соммасы 53 000 теңгелік сый-сияпат көрсетті.

Сарыағаш курорт басшысы Бағлан мырза – 100000тенге демеушілік жасады, Ауданның бас имамы 3 кілем соммасы 30000 тенгелік, Ерғали мырза 20 велосипед 270000тенгелік, Қошқарата ауыл округі 20балаға 28000тенгелік , Абай, Біртілек, Алпамыс батыр, Ақтөбе, ауыл округ әкімдері 70 балаға 105000 тенгелік демеушілік жасады.

Сарыағаш ауданы бойынша мүмкіндігі шектеулі балалардың күндізгі қатнау бөлімшесіне 40 бала орналасты.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен бір мезеттік жәрдемақы алу үшін Шілде айында Астана күні мерекесіне орай мүмкіндігі шектеулі 324 баланың құжаттары жинақталып, есеп бөліміне тапсырылды.

Үйде арнаулы қызмет алушы 19 бала жергілікті атқарушы органның шешімімен күндізгі қатынау бөліміне ауыстырылды.Сарыағаш мүгедек балаларды оңалту коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 6 балаға жолдама берілді.

Тамыз айында «Демеу»қоғамдық бірлестігіне 5 балаға жергілікті атқарушы органның қаулысы шығарылды және 1 бала «ОҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының №6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жіберілді.

Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілу үшін 12 бала есепке алынды.Тамыз айының 21-23 күндер аралығында ауданның білім бөлімі мен ПМПК мамандары және үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімше қызметкерлері бірлесе отырып мүмкіндігі шектеулі үйде оқытылатын балаларға кезекті комиссиясын өткізді.

Қыркүйек айында,Құрбан айт мерекесіне орай мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға тұрғылықты жеріндегі мешіттерден азық-түлік себеттері берілді.

Жалпы 24 өтініш қабылданып, оның 1-і МӘМ-ге, 2-і күндізгі қатынау бөлімшесіне,3-і Сарыағаш оңалту орталығына орналастырылып,18-і үйде арнаулы әлеуметтік қызмет алуға есепке алынды.Үйде оқытылу жәрдемақысын төлеу үшін 339 баланың құжаты қабылданды.Барлық қабалданған құжаттар Е-собес бағдарламасына енгізілді.

Қазан айында Қарттар мен Мүгедектер және Отбасы күні мерекесіне орай Құркелес ауылдық округінде тұратын 30 балаға «Жібек жолы » ойын-сауық орталығында кәсіпкерлердің демеушілігімен мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.Қосымша әр балаға 1000 теңгелік сыйлықтар тапсырылды.Дербісек ауыл округінде «Нұр мешіт» имамы Олжабай Ералы және кәсіпкерлер Келдібеков Мақсат,Алиев Рашид мырзалардың демеушілігімен 10-қазан «Балауса» дәмханасында 30 балаға 1000 теңгеден беріліді.Ақжар а/о 20 балаға 2000 теңгелік азық түлік себеті, Қапланбек а/округі бойынша 24 балаға қымызхана дәмханасында 24 балаға мерекелік дастархан жайылды.

Абай ауылында «Нұрқожа » мейрамханасында демеушілер тарапынан тамақ беріліп 6 балаға 1000 т сыйлық тапсырылды.

Біртілек а/о 20 балаға әрқайсысына 1000 т сыйлық,Қошқарата а/округінде демеуші Мырзабаев Шүкір 18 балаға әрқайсысына 1000 т сыйлық,

21 балаға Ақтөбе а/округінде «Жайна »кафесінде дастархан жайылып РОС Азия НЕФТЬ ЖШС 30 000 теңге Күлтөбе ЖШС 35 000т, Б.Қонысбаев кеден бекеті 20 000 теңгеден демеушілік жасады.

Қараша айында 2 балаға «ОҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының №7 Тасарық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету »коммуналдық мемлекеттік мекемесіне орналасу үшін, Жергілікті атқарушы органның қаулысы шығарылды.

Желтоқсан айында ата аналардың өтінішіне сәйкес 11 мүмкіндігі шектеулі бала үйде арнаулы қызмет алуға қабылданды.

1 балаға «ОҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының №6 Психоневрологиялық потологиясы бұзылған балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету »коммуналдық мемлекеттік мекемесіне орналасу үшін, Жергілікті атқарушы органның қаулысы шығарылды.

Жалғызілікті қарттарға әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі бойынша

Жалғызілікті қарттар мен І-ІІ-топ мүгедектеріне үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бөлімшелерде 39- әлеуметтік қызметкер, 2-әлеуметтік жұмыс жөнінде консультант,оның біреуі бала күтімі бойынша демалыста; 3-бөлімше меңгерушісі; 243 – қызмет алушыларға Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсеру стандартна сәйкес жұмыс жүргізіліп келеді.

Жыл басында қызмет алушылар саны-257 азаматты құрайды құрайды,оның ішінде 71-мүмкіндігі шектеулі І-ІІ-топ мүгедектері мен 115- жалғызілікті зейнеткер жасындағы қарттар. 20-тыл ардагері, 2-ҰОСА.

2017 жылдың 12 айында 38 азаматтың өтініші қаралып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірінің 2015 жылғы 26 наурызындағы №165 бұйрығына сәйкес құжаттары жиналып, тиісті каулы шығарылып жолдамалар мен 2 азамат психоневрологиялық МСУ-ға, 1 қарт азамат Қарттар мен мүгедектерге арналған МСУ-ға. Ал қалған 34 азаматқа үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер алуға жолданды. Сондай-ақ жыл басынана бері ЖОБ мерзімінің бітуіне, қайтыс болуына және өтініші мен Акт негізінде 51 азамат есептен шығарылды. Олар 2 азамат Акт негізінде, 15- азамат ЖОБ мерзімінің бітуне байланысты, 2 азамат өтініші негізінде,32- азамат қайтыс болуына байланысты. Жыл соңына қызмет алушылар саны-243 құрайды.

2017 жылғы 8-Наурыз, 22-Наурыз, 9-Мамыр, Ораза айт, Құрбан айт, 1-Қазан Қарттар мен мүгедектер күніне арналған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, атап айтқанда Абай, Біртілек, Ақтөбе ауылдық округтерінің «Саду», «Сая» мейрамханаларында қызмет алушыларға арнайы дастархан ұйымдастырылып сый-сияпаттар ұсынылды. Ақтөбе ауылдық округінің «Мәдениет үйінде» концерттік бағдарлама мен сый-сияпаттар ұсынылды. Жалпы жыл басынан бері демеушілер тарапынан көрсетілген көмектің соммасы -1759,9 теңгені құрайды. Оның ішінде-75,0-отын,көмір, 487,8- азық-түлік, 97,0-дәрі –дәрмек, 424.0-сый-сияпаттар, 675,3-арнайы дастархандар іс-шаралар.

Құрбан айт мерекесі қарсаңында 22 жалғызілікті қарттардың үйлеріне ақтау жұмысын жүргізіп ауласына тал көшеттерін егілді. Ақтөбе, Ошақты ауылдық округінде тұратын ұзақ жасаушы 100-жастан асқан 3 анамызға арнайы азық түлік себеті жасалып үйлеріне барып ұсынылды.

1-желтоқсан Тұнғыш Предидент күніне орай жергілікті жердің бюджетінен бөлімшедегі 244 қызмет алушылардың жеке шоттарына 2 айлық көрсеткіш есебінен әр біріне 4538 теңгеден жалпы 1107,272 теңге аударылып, барлық қызмет алушылар алды.

Жергілікті бюджеттен қаралған қаржыға 80 жастан асқан жалғызілікті қарттарға жеке шоттарына әр ай сайын 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бөлімшеде есепте тұрған жыл басында 40 қартқа , жыл соңына қарай 45 қартқа жалпы 2017 жылдың бюджетінде қаралған 2,712,0 мыңның 2,291,690 аударылып берілді. Қарт санының өзгеруіне байланысты үнемделген қаржы 421,0 теңгені құрады.

EGOV

QAMQOR

АСТАНАҒА 20 ЖЫЛ

АУДАН ТУРАЛЫ

БАҚ

ЖОЛДАУ

ҚАУІПСІЗ АУДАН

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ТҚК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

СІЛТЕМЕЛЕР

СІЛТЕМЕЛЕР

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР